«Ясный» және «Саздыда» жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылады

«Ясный» және «Саздыда» жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылады

 

Ақтөбе облысында «Ясный» және «Сазды» тұрғын алаптарында жаңа өрт сөндіру бөлімдерін салу жоспарлануда. Болашақ нысандардың орналасатын жерлерін облыс әкімі Асхат Шахаров пен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов қарап шықты.

Бүгінде «Ясный» тұрғын алабында 30 мыңнан астам адам тұрады. Мұнда қоймалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған резервуарлар орналасқан. Бұл ретте ең жақын өрт сөндіру бөлімдері 15-20 шақырым қашықтықта орналасқан. Жаңа бөлім құтқарушылардың шақыртуларға жедел жетуіне мүмкіндік береді.

«Сазды» тұрғын алабында да жаңа өрт сөндіру депосын салу жоспарлануда. Мұнда 10 мыңнан астам адам тұрады. Аумақта мектептер, аурухана және басқа да әлеуметтік нысандар орналасқан. Бөлім тұрғын алабына ғана емес, іргелес аумақтарға, соның ішінде Алға ауданына да қызмет көрсетеді.

Екі нысан да - өңір тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған жаңа жобалар. Қазіргі уақытта жер учаскелері анықталып, қажетті құжаттар әзірленуде. Құрылыс инвесторлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады деп жоспарлануда.