
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров азаматтардың жеке мәселелері бойынша онлайн-қабылдау өткізді.
Алға, Темір, Ырғыз және Мәртөк аудандары мен Ақтөбе қаласы тұрғындары бейнеконференц байланыс арқылы қосылып, инфрақұрылым, білім алу, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелерін көтерді.
Барлық өтініш иесіне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсініктемелер берілді.
Қабылдау барысында облыс әкімі әрбір азаматтың мәселесін мұқият қарап, өтініштерді жан-жақты зерделеу қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма жүктеді.
Шешімі уақытты талап ететін мәселелердің орындалуын аймақ басшысы жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Еске сала кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен тұрақты түрде өткізіледі.