Қобда ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін шағын базардан таба аласыз

Қобда ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін шағын базардан таба аласыз

 

Ақтөбе қаласы Есет батыр көшесі №109А мекенжайында орналасқан «Табыс» коммуналдық базарының шағын сауда нүктесінде Қобда ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға болады.

Дүкен сөресіне «Ауыл аманаты» жобасының өнімдерімен қатар, шаруа қожалықтарының өнімдері де қойылған. Ет, сүт, жұмыртқа, тары, шұбат, құрт, қаймақ, қымыз, сүзбе және басқа да азық-түлік түрлерін тиімді бағада сатып алуға болады.

Дүкенге келушілердің ауданның ауыл шаруашылығы өнімдеріне көңілдері толады. Айтуларынша, күн сайын мұнда келуді әдетке айналдырыпты.

Дәл осындай шағын сауда нүктелерінің қалада 14-і жұмыс істейді. Яғни, орындар облыстың 12 ауданы және Ақтөбе қаласының шаруаларына бөлініп берілген.

Мұндай шағын сауда нүктелерінің жұмысы жергілікті өндірушілерді қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге жағдай жасау және қала тұрғындарын сапалы әрі табиғи азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.