Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 27 11 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 27 11 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

26.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 5 жағдай тіркелді, оның 2-інің клиникалық симптомдары бар, ал 3-і – симптомсыз ауру. Ақтөбе қаласында 1 жағдай(жергілікті), Хромтау ауданында 1 жағдай(жергілікті), Мәртөк ауданында 3 жағдай (1 жергілікті, 2 сырттан әкелінген). Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,1% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3474 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1693) және 51%-ы симптомсыз (1781) жағдай. 3315 (95,4%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2467 жағдай, оның ішінде (1107 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 97 (77), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 86 (47), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 125(67), Шалқар ауданы – 113 (64).

Жалпы тіркелген 3474 науқастың 3,3% (118) сырттан әкелінген, 14% (489) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,5% (2867) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,5% (992) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 305 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.