Хромтауда өз брендін қалыптастырған ауыз су өндірісі бар

Хромтауда өз брендін қалыптастырған ауыз су өндірісі бар

 

Хромтауда жергілікті өндірістің жаңа өнімдері артып, олардың бірқатары қала аумағынан тыс жерлерде де танымал бола бастады. Солардың бірі – «ASTMED» ЖШС шығаратын «Су әлемі» брендімен ауыз су өндіру жобасы.

Бүгінде кәсіпорын тәулігіне 3 тоннаға дейін ауыз су өндіреді. Өнімнің барлығы Хромтауда өндіріліп, жергілікті нарыққа жеткізіледі. Бұл өңірлік өндірушінің нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 60 млн теңге. Оның ішінде 30 млн теңге «Өркен» бағдарламасы аясында заманауи жабдықтарды сатып алуға жеңілдетілген несие түрінде берілді. Мемлекеттік қолдау өндірісті іске қосып, оны қажетті техникалық базамен қамтамасыз етуге септігін тигізді.

Қазіргі таңда компания өндірістік қуатын кеңейту жұмыстарын жүргізуде. Бұл өнім көлемін арттырып, «Су әлемі» маркасының өңірлік нарықтағы танымалдығын күшейтуге мүмкіндік береді.

Жоба жергілікті бастаманың өзіндік сауда маркасы бар толыққанды өндіріске айналуының нақты мысалына айналды. Мұндай кәсіпорындар тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, Хромтаудың заманауи өндірістік әлеуетін танытуға да үлес қосады.

Өз брендтерінің дамуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті қолдауға және өңірде өндірілетін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта кәсіпорын «Су әлемі» брендімен шығарылатын өнім көлемін ұлғайтып, өткізу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.