Ақтөбелік спортшы Мөлдір Серікқызы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан жеке есепте де, командалық есепте де алтын медаль иеленіп, екі дүркін чемпион атанды!
Бұған дейін Астана қаласында 2024 жылы өткен Көшпенділер ойындарында да алтыннан алқа таққан болатын.
Ұлттық спортты ұлықтап, ел намысын абыроймен қорғаған жерлесіміздің бұл жеңісі — Ақтөбе спортының кезекті жарқын жетістігі.
Мөлдір Серікқызын айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындырып, көк туымызды көкке көтере беріңіз!