Қазақстанда 258-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 258-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

 

Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Ақсай ауылында 258-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті шамамен 800 тұрғыны бар Ақсай және Бірлік елді мекендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бекет жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен құрылып, қызмет атқаруға қажетті жағдайлар жасалды. Нысан төрт даярланған қызметкермен жасақталған. Жедел ден қою үшін ТЖМ тарапынан өрт сөндіру автоцистерналары, арнайы киім және байланыс құралдары берілді.

Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін арттырып, өрттер мен өзге де төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.