Ақтөбе облысында жаңа оқу жылында 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Ақтөбе облысында жаңа оқу жылында 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

 

Жаңа 2026–2027 оқу жылында Ақтөбе облысындағы 449 мектепте 194 мыңнан астам оқушы білім алады. Биыл олардың қатарын 20 166 бірінші сынып оқушысы толықтырды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде 7 жаңа мектеп есігін айқара ашты. Оның ішінде Ақтөбе қаласында – 3, Темір ауданында – 2, Мұғалжар және Мәртөк аудандарында бір-бір мектептен пайдалануға берілді. Олардың 4-еуі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған заманауи білім беру нысандары. Еске салайық, жалпы, 2023–2026 жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Ақтөбе облысында 14 заманауи мектеп салынды.

Жаңа мектептерде оқушылардың сапалы білім алуына қажетті барлық жағдай жасалған. Мұнда заманауи пән кабинеттері, кітапхана, оқу және спорт залдары, асхана, медициналық пункт, мәжіліс залы, шығармашылық және коворкинг аймақтары бар. Білім беру нысандары цифрлық оқыту технологияларымен, жоғары жылдамдықты интернетпен, бейнебақылау және қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.

Сонымен қатар, биыл 9 білім ордасы күрделі жөндеуден өтіп, оқушылар игілігіне берілді.