Балалар МӘМС арқылы стоматологиялық көмекті қайдан ала алады

Балалар МӘМС арқылы стоматологиялық көмекті қайдан ала алады

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл (экстренді) және жоспарлы стоматологиялық көмек Ақтөбе облыстық балалар стоматологиялық емханасы және оның филиалында МӘМС шеңберінде көрсетіледі.

Жыл сайын жазғы демалыстың соңында, оқу жылы басталар алдында Балалар стоматологиялық емханасының қызметтеріне сұраныстың артуы байқалып отыр. Бұл кезеңде профилактикалық тексеруден өту, ауыз қуысын санациялау және қажетті емді оқу жылы басталғанға дейін аяқтау мақсатында жүгінетіндер саны айтарлықтай көбейеді. Күніне орта есеппен 130-дан астам пациент терапиялық, 65-тен астам пациент хирургиялық стоматологиялық көмек алады. Осыған байланысты қысқа мерзім ішінде дәрігерлерге түсетін жүктеме артады.

Негізінен, балаларды стоматологиялық көмек алу үшін МӘМС аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық қызметтерді жеткізушілері ретінде танылатын басқа да медициналық ұйымдарға да апаруға болады:

1. «Diamond Dent» ЖШС
2. «BZ Холдинг» ЖШС
3. «Ай-алтын» ЖШС
4. «Меда-Актобе» ЖШС
5. «Медикер Илек» ЖШС
6. «Орынбасаров Нурхан Нартаевич» ЖШС
7. «ТТ и К» ЖШС
8. «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК
9. ARUDENT ЖК
10. «Айгуль» клиникасы» ЖШС
11. «Амина и Али» ЖШС
12. «Almash Life» ЖШС
13. «Медикус центр» медициналық мекемесі
14. «Ақтөбе теміржол ауруханасы» ЖШС

Бұдан өзге, ата-аналар тарапынан балаларының тісін емдетуге қатысты қандай да
бір мәселелерді жеке тәртіпте қарау және шешу үшін емхананың Пациенттерді қолдау қызметіне немесе Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Аманжулова Айгүл Құрманғазиевнаға жүгінуге болады.