Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 26 11 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 26 11 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

25.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 7 жағдай тіркелді, оның 4-інің клиникалық симптомдары бар, ал 3-і – симптомсыз ауру. Алға ауданында 1 жағдай (жергілікті), Хромтау ауданында 2 жағдай(жергілікті /ауру адаммен қарым-қатынаста болған), Ақтөбе қаласында 4 (жергілікті жағдайлар). Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,2% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3469 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1691) және 51%-ы симптомсыз (1778) жағдай. 3314 (95,5%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2466 жағдай, оның ішінде (1107 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 97 (77), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 83 (45), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 124(66), Шалқар ауданы – 113 (64).

Жалпы тіркелген 3469 науқастың 3,3% (116) сырттан әкелінген, 14% (489) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,5% (2864) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,7% (990) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 326 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.