Оңдасын Оразалин : Бірлік болмаған жерде тұрақтылық та, даму да болмайды

Оңдасын Оразалин : Бірлік болмаған жерде тұрақтылық та, даму да болмайды
Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір шаңырақ астында» атты шарасына қатысты. Өңір басшысы осыдан 25 жыл бұрын Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы орны мен
бір шаңырақ астында ұлттар мен ұлыстарды біріктірудегі рөлдің ерекшелігін атап өтті.
“Халқымызда «Бірлігі бар елдің босағасы берік» деген дана сөз бар. Мағынасы терең, мазмұны ойлы бұл даналықтың нәтижесін біз өз өмірімізден күнделікті анық көріп, ашық сезініп жүрміз. Бірлік болмаған жерде тұрақтылық та, даму да болмайды. Бірлігіміз бекем болсын, баршаңызды маңызды мереке 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын”, - деп атап өтті Оңдасын Оразалин. 
«Шатлық» Ақтөбе облыстық татар және башқұрт этномәдени, «Әзірбайжандар қауымдастығы», “Оксана” Ақтөбе облыстық украиндар ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері атқарылған жұмыстар бойынша баяндады. Сондай-ақ, облыс әкімі 18 қоғамдық бірлестіктің төрағаларына қаржылай сыйлықтар табыстап, 6 азаматты ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың атынан алғыс хаттармен марапаттады.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі