Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 25 11 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 25 11 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

24.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 6 жағдай тіркелді, олардың барлығы да – симптомсыз аурулар. Мәртөк ауданында 1 жағдай (сырттан әкелінген), Қарғалы ауданында 2 жағдай(ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар), Ақтөбе қаласында 3 (ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар). Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,2% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3462 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1689) және 51%-ы симптомсыз (1773) жағдай. 3312 (95,6%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2462 жағдай, оның ішінде (1106 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 96 (76), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 83 (45), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 122(65), Шалқар ауданы – 113 (64).

Жалпы тіркелген 3462 науқастың 3,3% (116) сырттан әкелінген, 14% (488) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,5% (2858) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,7% (995) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 324 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.