Ақтөбе облысының делегациясы Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесінің алғашқы отырысына қатысты

Ақтөбе облысының делегациясы Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесінің алғашқы отырысына қатысты

 

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы өңірлері басшылары кеңесінің алғашқы отырысы аясында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов Қарақалпақстан Республикасы мен Өзбекстанның іскерлік қауымдастығы өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Ақтөбе облысы мен Қарақалпақстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Әсіресе өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика, сауда және өнімді өңдеу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесінің алғашқы отырысы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы тікелей диалогты дамыту, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудің тиімді алаңы екенін тағы бір мәрте айқындады.