
Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе» үстел теннисі орталығында ITTF World Para Future Aktobe 2026 халықаралық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) ресми күнтізбесіне енгізілген беделді жарысқа әлемнің 25 елінен 200-ге жуық спортшы қатысуда.
Турнир - спортшылар үшін халықаралық рейтингтік ұпай жинауға, сондай-ақ 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасы және әлем чемпионатына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі.
Спортшылар 4 күн бойы тартысты кездесулер, жоғары деңгейдегі шеберлік пен жарқын жеңістерге толы бәсекелер күтіп тұр!
Қатысушыларға сәтті ойын, әділ бәсеке, биік жетістіктер мен жеңіс тілейміз!