Ақтөбе халықаралық пара үстел теннисі додасын қабылдайды

Ақтөбе халықаралық пара үстел теннисі додасын қабылдайды

 

2026 жылғы 25 - 28 шілде аралығында Ақтөбе қаласында ITTF World Para Future Aktobe 2026 халықаралық турнирі өтеді.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) ресми күнтізбесіне енген додаға әлемнің 23 елінен 200-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Бұл – Қазақстанда пара үстел теннисі бойынша үшінші рет ұйымдастырылатын халықаралық деңгейдегі жарыс. Турнир 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына және Таиландта өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңдерінің бірі ретінде спортшылар үшін маңызды сынақ болмақ.

Осындай ауқымды жарыстардың Ақтөбеде өтуі өңірдің спорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, облыстың туристік тартымдылығын нығайтуға да ықпал етеді. Шетелдік спортшылар мен қонақтардың келуі арқылы Ақтөбенің мәдениеті, тарихы мен қонақжайлығы кеңінен таныстырылады.

Халықаралық спорттық іс-шаралар ішкі туризмді ілгерілетуге, өңірдің танымалдылығын арттыруға және жаңа туристік бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді.

Өтетін орны: «Ақтөбе» үстел теннисі орталығы, Ақтөбе қаласы.

Ақтөбе - халықаралық спорттық жарыстарды қабылдайтын, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын заманауи спорт орталығы.