Ақтөбе-Хромтау бағыты: Солтүстік айналма жолға дейін автожолда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Ақтөбе-Хромтау бағыты: Солтүстік айналма жолға дейін автожолда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

 

Облыс әкімі Асхат Шахаров Жібек жолы тұрғын алабынан басталатын Хромтау бағытындағы автожолда жүргізіліп жатқан құрылыс учаскесіне барды.

Жоба жетекшісінің мәліметінше, қазіргі уақытта асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстары жалғасуда. Төменгі қабаты толықтай төселген. Сапа талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін жолдың беріктігі мен ұзақ мерзімге төзімділігін қамтамасыз ететін қиыршықтас-мастикалы асфальт-бетонның жоғарғы қабаты төселеді.

Жөнделіп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығы – 20 шақырым. Бүгінде жұмыстардың 70 пайызы орындалған. Жобаны «Көквест» агрофирмасы» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны – 3,5 млрд теңге.

Жұмыстың сапасын Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының мамандары тұрақты бақылауда ұстап отыр. Олар қолданылатын материалдардың талаптарға сәйкестігін, төсеу технологиясының сақталуын және жол жабынының тығыздалу коэффициентін тексеруде.

Аталған автожол қала тұрғындары мен оған іргелес елді мекендер үшін маңызды бағыттардың бірі саналады. Жолдың жаңартылуы қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, жол қозғалысына қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс және жол жабынының сапасына аса көңіл бөлген жөн.