Кірпішті тұрғын алабындағы көпірге жауапты мердігерге қатаң талап қойылды

Кірпішті тұрғын алабындағы көпірге жауапты мердігерге қатаң талап қойылды

 

Қаланы дамыту бағытында қолға алынған жобалардың қатарында Кірпішті тұрғын алабында орналасқан Елек өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау бар. Жұмыстардың жалпы құны - 8,2 млрд теңге.

Облыс әкімі Асхат Шахаров жобаға жауапты «Қазкомсервис» ЖШС басшысы Асхат Теңізбаевпен кездесіп, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде қатаң талап қойды.

«Халық бұл көпірдің пайдалануға берілуін асыға күтіп отыр. Алда жаңа оқу жылы басталады, көлік ағыны артып, жол жүктемесі көбейеді. Сондықтан құрылыс жұмыстарын созбай, белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау қажет. Бұл мәселеде ешқандай сылтау болмауы тиіс», – деді облыс әкімі.

Мердігер қыркүйекте тапсыруға уәде берді. Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталған.