Ақтөбе - Қандыағаш тасжолында орташа жылдамдыққа бақылау енгізіледі

Ақтөбе - Қандыағаш тасжолында орташа жылдамдыққа бақылау енгізіледі

 

10 шілдеден бастап Ақтөбе - Қандыағаш республикалық автожолының учаскесінде көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақылау жүйесі іске қосылады.

Жылдамдық жолдың бақылау нүктелері арасындағы жүру уақыты негізінде автоматты түрде есептеледі. Егер көлік құралының орташа жылдамдығы белгіленген шектен асып кетсе, ақпарат уәкілетті органдарға жолданады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, бұл жаңашылдық жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Осыған байланысты жүргізушілерден жол белгілерінің талаптарын сақтап, бүкіл бағыт бойында белгіленген жылдамдық режимін ұстану сұралады.