2026 жылы Ақтөбе облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 8745 жас маман тәмамдады.

2026 жылы Ақтөбе облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 8745 жас маман тәмамдады.

 

1963 студент жұмысшы біліктілігі бойынша диплом алды. Олар - дәнекерлеушілер, электромонтерлер, механиктер, аспаздар, құрылысшылар, көлік саласының мамандары және еңбек нарығында сұранысқа ие өзге де жұмысшы кәсіптерінің иелері.

Түлектердің ең басым бөлігін орта буын мамандары құрайды. Биыл бұл санат бойынша 6493 түлек диплом иегері атанды. Олар білім беру, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, экономика, қызмет көрсету, өнеркәсіп және басқа да салаларда еңбек етеді.

289 студент қолданбалы бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуын аяқтады.