
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен «Таза қала – таза жағалау» экологиялық акциясы өткізілді.
Акцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 150 сарбазы, оның ішінде «Эко Гвардия» отрядының мүшелері белсенді қатысты.
Акция барысында Ақтөбе су қоймасының жағалауы мен орман алқаптарында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және аумақты тазарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аумақтан 200-ге жуық қап қоқыс шығарылып, табиғи орта тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Экологиялық акцияның негізгі мақсаты – табиғатты таза қалпында сақтау, жастарды еңбекке баулу, өзен жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазарту және қала тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру.