Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

 

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызмет саласының мамандары мен ардагерлеріне марапаттар табыстады.

«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісіне Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Құлмағамбетов, «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісіне еңбек ардагерлері - Есімқан Есенбаев, Әмина Джумабаева, Рита Сиражетдинова, Лия Қасымова, Эльмира Бузекеева ие болды.

Аймақ басшысы өз құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметшілердің ел дамуы мен қоғам игілігі жолындағы жауапты миссиясына тоқталып, олардың кәсібилігі мен адалдығы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруда айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі - 38%.