
Биыл Ақтөбеде биыл 26 кеңістік демеушілердің есебінен жасалып жатыр. Соның біреуі - Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы «Мәңгілік алау» артындағы саябақ.
Облыс әкімі Асхат Шахаровқа мердігер ұйым өкілдері абаттандырудың қазіргі кезеңі мен аумақты одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндады.
Жобаны «Вибромастер» ЖШС жүзеге асыруда. Жұмыстардың жалпы құны шамамен 50 млн теңгені құрайды, демеушілік есебінен. Бастама ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған қоғамдық кеңістікті жаңғыртуға бағытталған.
Қазіргі таңда ескі жабындыны бөлшектеу және кабель желілерін тарту жұмыстары аяқталды. Брусчатка төсеу және жарықтандыру бағаналарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Жоба аясында заманауи саябақ шамдарын орнату, балалар және спорт алаңдарын жаңарту көзделген. Баскетбол алаңы қалпына келтіріліп, балалар ойын аймағын жаңарту жоспарлануда.
«Мұндай қоғамдық кеңістіктер тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз болуы маңызды. Барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын, сондай-ақ қала тұрғындарының мүддесінің ескерілуін қамтамасыз ету қажет», – деді Асхат Шахаров.