Жолшылар Ізімбет пен Ембінің арасындағы жолды жөндеуге кірісті

Жолшылар Ізімбет пен Ембінің арасындағы жолды жөндеуге кірісті

 

40 шақырымдық жол учаскесі - былтыр жөнделген Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз бағытындағы Қандыағаш – Ізімбет автожолының 50 шақырымының жалғасы.

Тасжолдың құрылысын бастаған «Жалаугер-НС» мердігер мекемесі тез арада жұмыстарды аяқтауға уәде беріп отыр.

Жалпы, Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл орташа жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 266,5 шақырым жол қамтылды.

Қазіргі таңда жұмыстар Қарабұтақ – Қостанай, Ырғыз – Қызылорда, Ақтөбе – Әлімбет және Ақтөбе – Орынбор бағыттарындағы жол учаскелерінде де жалғасып жатыр.