LEGO-дан Димаштың портретін жасаған оқушылардың арманы орындалды

LEGO-дан Димаштың портретін жасаған оқушылардың арманы орындалды

 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №82 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары 3000 LEGO бөлшегінен Димаштың портретін жасаған еді.

Туындыға бір апта уақыттарын жұмсаған оқушылардың армандары орындалды.

Өнертапқыштар Димаш Құдайбергенмен кездесті.

Өз портретімен танысқан әнші оқушылардың еңбегіне жоғары баға беріп, туындының жасалу барысын қызығушылықпен тыңдады. Ол жас авторлардың креативті идеясына ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Кездесу соңында өнер иесі балаларға «Шұғыла» балалар сауықтыру лагеріне 10 күндік жолдама табыстады. Бұл сый жас өнерпаздардың қуанышын еселеп, мерекелік кездесуді әсерлі әрі есте қаларлық сәтке айналдырды.