Ақтөбедегі жәрмеңкеде 4 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

Ақтөбедегі жәрмеңкеде 4 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

 

Ақтөбеде өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Байғанин, Қобда және Ойыл аудандарынан келген тауар өндірушілер 3,1 тонна ет пен 1,1 тоннадан астам сүт өнімдерін сатты.

Жәрмеңке «Табыс» коммуналдық базарында ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы өнімдері тұрғындарға нарықтағы бағадан 15–20 пайызға арзан ұсынылды. Нәтижесінде қала тұрғындары мен қонақтары сапалы әрі табиғи өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Сауда алаңында ет және сүт өнімдерімен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген тауарлар да сатылымға шығарылды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай жәрмеңкелер 2026 жылдың соңына дейін әр сенбі сайын өткізіледі. Бастаманың негізгі мақсаты – өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және отандық өндірушілерді қолдау.

Сонымен қатар жәрмеңке ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыларға ұсынуға мүмкіндік береді.