11 маусым күні Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ойыл ауданына жұмыс сапарымен барады

11 маусым күні Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ойыл ауданына жұмыс сапарымен барады

 

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы Ақкемер және Кемер ауылдарында газ құбырын іске қосу рәсімдеріне қатысып, бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.

Сапар бағдарламасына Шұбарқұдық – Ойыл – Қобда – Тұзтөбе автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарының барысын, Ойыл ауылына кіреберістегі көпір құрылысын, сондай-ақ жаңадан салынған 320 орындық мектеп пен 150 орындық балабақшаны аралау енгізілген.

Сонымен қатар облыс әкімі демеушілік қаражат есебінен салынған Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимаратының жұмысымен танысып, аудан тұрғындарымен кездеседі.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты тиісті тапсырмалар беріледі.