
Қатты нөсер жауған күндері көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мүмкін болмады. Қазір мамандар жаңбырдан кейін газонды қырқу, арамшөптерді жұлу, гүлдер отырғызу, егілген гүлдерді түптеу, біздің климатымызға бейімделіп өсуі үшін дәрумендер құю шараларын жүргізуде.
Әсіресе көпжылдық өсімдіктерді отырғызуға ерекше көңіл бөлінуде. Биылғы маусымда 303 031 м² газон, 23 217 м² көпжылдық шөп, 28 172 м² біржылдық гүл және 25 616 м² көпжылдық гүл егу жоспарланған.
Жұмыстардың барлық кешені агротехникалық мерзімдер мен жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларының талаптарына қатаң сәйкестікпен жүргізілуде.
Мамандар осы жұмыстың басы-қасында екі ауысыммен жаз бойы жұмыс істейді, суарады, түптейді, жалпы күтім шараларын жүргізеді.