Ақтөбе облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық бақылау және мониторинг жұмыстары жүргізілуде

Ақтөбе облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық бақылау және мониторинг жұмыстары жүргізілуде

 

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы тұрғындар, фермерлер және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шегіртке ошақтарын анықтауға атсалысуды сұрайды.

Егістік алқаптары, жайылымдар немесе елді мекендер маңында шегіртке зиянкестерінің ошақтары туралы ақпаратты Ақтөбе облысы бойынша жауапты тұлға Дастан Сағыровқа жолдауға болады. Байланыс телефоны 8 702 577 67 22.

Инспекция дер кезінде берілген ақпарат егістік алқаптарын сақтауға және зиянкестерге қарсы күрес шараларын уақытылы ұйымдастыруға мүмкіндік беретініне сенімді.