Ақтөбелік оқушылар LEGO-дан Димаштың портретін жасады

Ақтөбелік оқушылар LEGO-дан Димаштың портретін жасады

 

Оған оқушылар бір апта уақытын жұмсап, 3000-ға жуық LEGO бөлшегін қолданған.

«Димаш Құдайберген» атты туындының авторы - «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №82 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Бейбарыс Амангелдіұлы мен Жасмин Жұмагелдіқызы.

Оқушылар шығармашылық жобасын Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбедегі Өнер орталығында өткен «Балалық шақ – бақыт мекені» мерекелік іс-шарасында таныстырды.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров көрме барысында туындымен танысып, жас өнертапқыштардың шығармашылығы мен табандылығына жоғары баға берді.