
Алқалы жиында Ақтөбе өңірінің ауыл шаруашылығындағы тарихи маңызы мен тары шаруашылығын дамыту бағыттары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, Шығанақ Берсиевтің еңбек жолы мен мол мұрасы ғылыми тұрғыда насихатталды.
Конференцияға белгілі ғалымдар, селекционерлер, кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысып, тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Ақтөбе – тарының ғана емес, еңбек пен берекенің мекені.