
Мемлекет басшысының елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ақтөбеде KAZ06 «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автомобиль жолы учаскесін реконструкциялау жұмыстарының басталуына арналған салтанатты рәсім өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев, мемлекеттік органдар, мердігер ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен өңір жұртшылығы қатысты.
Салтанатты рәсім барысында сөз сөйлеген облыс әкімі Асхат Шахаров жобаның жүзеге асырылуы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін едәуір арттырып, соңғы жылдардағы облыстағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың біріне айналатынын алға тартты. — деді өңір басшысы.
Облыс әкімінің айтуынша, «Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін дамытуда және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуда рөлі зор.
Асхат Шахаров сондай-ақ жобаның өңір экономикасына оң әсерін тигізіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті бизнестің дамуына қосымша мүмкіндіктер беретінін айтты.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев KAZ06 учаскесін реконструкциялау республикалық жол желісін жаңғыртудың маңызды кезеңі болатынын атап өтті. — деді Дархан Иманашев.
Оның айтуынша, жобаны іске асыру жүк тасымалының тиімділігін арттырып, жолдың халықаралық көлік дәліздерінің заманауи талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Автожолды реконструкциялау жұмыстарының жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайды және жеті учаскеге бөлінген.
Іс-шара барысында Үкіметтің қолдауының арқасында соңғы үш жылда Ақтөбе облысында шамамен 1,6 мың шақырым автожол жөнделгені атап өтілді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 75%-дан 82%-ға дейін артқан.
Биыл өңірдің жол саласын дамытуға 36,4 млрд теңге бөлінді. 290,7 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр.
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автомобиль жолы учаскесін реконструкциялау Ақтөбе облысының көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезеңге айналып, аталған бағыттағы жол қозғалысының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.