«Таза Қазақстан» акциясы: алғалық оқушылар құстарға қамқорлық көрсетті

«Таза Қазақстан» акциясы: алғалық оқушылар құстарға қамқорлық көрсетті

 

Алға ауданы Алға қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында құстарға қамқорлық көрсетуге бағытталған экологиялық шара ұйымдастырылды.

Акцияға Алға қаласындағы мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары белсенді қатысты.

Қатысушылар өз қолдарымен 150-ден астам құс ұясын жасап, оларды қаланың орталық саябағына орналастырды.

Бастаманың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Шара барысында балалар табиғатты қорғаудың маңызын тереңірек түсініп, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін іс жүзінде көрсетті. Сонымен қатар, акция ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен еңбектің жарқын үлгісіне айналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық бастамалар табиғатты аялау мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді.