Мектептерде қорытынды аттестаттау басталады: түлектер маусым айының ортасына дейін емтихан тапсырады

Мектептерде қорытынды аттестаттау басталады: түлектер маусым айының ортасына дейін емтихан тапсырады

 

Білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттау кезеңі басталады. 9-сынып оқушылары үшін емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 2–15 маусым күндері өтпек. Аттестаттарды табыстау 17–18 маусымға жоспарланған.

Сонымен қатар, 26–30 мамыр аралығында 5–8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттаудан өтеді.

Оқу жылының қорытындысын шығару техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ қосымша білім беру саласында да жүргізілуде.

Білім беру ұйымдарында аттестаттауды қалыпты режимде өткізу үшін қажетті ұйымдастыру шаралары қабылданып жатыр.