
Ақтөбе қаласында өткен VIII облыстық Халық ойындары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Ауқымды спорттық додаға облыстың аудан-қалаларынан келген спортшылар қатысып, спорттың 10 түрі бойынша өзара мықтыны анықтады.
Атап айтқанда:
шағын футбол
қазақ күресі
асық ату
тоғызқұмалақ
шахмат
үстел теннисі
волейбол
баскетбол
қол күресі
гір спорты
Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық пен шеберлік көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Командалық есеп нәтижесі бойынша:
🥇 1 орын — Ақтөбе қаласы
🥈 2 орын — Хромтау ауданы
🥉 3 орын — Мұғалжар ауданы
Жеңімпаздар Түркістан қаласында маусым айында өтетін республикалық VIII Халық ойындарында облыс намысын қорғайды.