2026 жылғы 20 мамыр күні облыс басшылығының қатысуымен Шалқар ауданына жұмыс сапары өтеді

2026 жылғы 20 мамыр күні облыс басшылығының қатысуымен Шалқар ауданына жұмыс сапары өтеді

Сапар аясында Шалқар қаласы мен Кішіқұм, Тоғыз ауылдық округтеріндегі әлеуметтік, спорттық және инфрақұрылымдық нысандарды аралау жоспарланған. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарымен, ардагерлермен, жастармен және спорт саласының өкілдерімен кездесулер өткізу көзделген.

Жұмыс сапары барысында Шалқар қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен, Шалқар көлі жағалауындағы саябақ құрылысы және «Өнер мектебі» нысанының құрылысымен танысу жоспарланған.

Әлеуметтік сала аясында В.Н. Цеханович атындағы №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен балаларды оңалту орталығының құрылысы қаралады. Сонымен қатар, Қарашоқат ауылындағы 120 орындық орта мектептің және Шілікті ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысу көзделген.

Сапар барысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Тоғыз ауылында салынған медициналық пункттің жұмысы қаралып, өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жобалардың жүзеге асырылу барысына назар аударылады.