
Сапар аясында Қандыағаш, Ембі қалалары мен Алтынды ауылындағы әлеуметтік, өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарды аралау жоспарланған. Сонымен қатар, тұрғындармен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесулер өткізу көзделген.
Жұмыс сапары барысында Қандыағаш және Ембі қалаларындағы теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысу, сондай-ақ «Келешек мектеп» жобасы аясында салынған жаңа білім беру нысанын аралау жоспарланған.
Әлеуметтік сала нысандары қатарында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мен Алтынды ауылындағы модульді медициналық пункттің жұмысы қаралады. Сапар аясында «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолындағы Жем өзені арқылы өтетін көпірге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары қаралып, Қандыағаш пен Ембі қалаларының даму перспективалары бойынша баяндамалар тыңдалады.