2026 жылғы 23 сәуір күні облыс басшылығының қатысуымен Мәртөк ауданына жұмыс сапары өтеді

2026 жылғы 23 сәуір күні облыс басшылығының қатысуымен Мәртөк ауданына жұмыс сапары өтеді

 

Сапар аясында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралау, сондай-ақ тұрғындармен, педагогтармен, медицина қызметкерлерімен, мәдениет саласы өкілдерімен және жастармен кездесулер жоспарланған.

Жұмыс сапары барысында Сарыжар және Кенсахара ауылдарындағы білім беру нысандарының жұмысы және құрылыс барысымен танысу көзделген. Сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, атап айтқанда су құбыры желілерін қайта құру жұмыстары да назарда болады.

Әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп, аудандық өнер орталығы, өрт сөндіру депосы, көпсалалы колледж және аудандық аурухана жұмысы қаралады. Жайсаң ауылында арнайы білім беру ұйымының қызметімен танысу жоспарланған.