Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов «Shell Kazakhstan» компаниясының делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов «Shell Kazakhstan» компаниясының делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді

 

Кездесу барысында өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 5 наурызда «Shell» компаниясы мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі арасында жасалған келісім аясында Мұғалжар және Алға аудандары аумағындағы «Жаңатұрмыс» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлары қаралды.

Жоба шеңберінде сейсмикалық барлау жүргізу, геологиялық деректерді жинау және техникалық бағалау жұмыстарын іске асыру көзделген. Барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес жүзеге асырылады.

Кездесу барысында өңірдің инвестициялық әлеуеті мен мұнай-газ саласының даму көрсеткіштері таныстырылды. Қазіргі таңда облыста 244 жер қойнауын пайдаланушы қызмет атқаруда. Сондай-ақ 2025 жылдың қорытындысы мен 2026 жылдың басындағы өндірістік көрсеткіштердің оң динамикасы атап өтілді.

Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде инвестициялық жобалар пулына енгізу, жер учаскелерін бөлу және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және геологиялық барлау жұмыстарын белгіленген мерзімде жүзеге асыруға уағдаласты.