
Құрметті ақтөбеліктер мен қала қонақтары!
Сіздерді Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Біздің еліміз — көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Мұнда түрлі этнос пен дін өкілдері бейбітшілік, келісім және өзара құрмет жағдайында өмір сүруде. Елімізде Құрбан айт, Рамазан, Пасха, Рождество сияқты діни мерекелер ерекше құрметпен атап өтіледі.
Бұл атаулы күндер жоғары рухани құндылықтарды дәріптеп, қоғамда ізгілік, мейірімділік, өзара түсіністік пен төзімділік қағидаларын нығайтады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, «Пасха дәстүрлері ежелден отбасылық құндылықтарды сақтауға, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға ықпал етіп, адамдарды жақсылық пен келісімге үндейді».
Пасха православие дінін ұстанушылардың рухани өмірінде айырықша орын алады. Ол - жаңару, қайта түлеу және өмірдің салтанат құруының символы. Бұл жарқын мереке қоғамдық келісімді, рухани бірлікті және ізгі дәстүрлердің сабақтастығын нығайтуға септігін тигізеді.
Осы жарқын мереке әр шаңыраққа тыныштық, бақ-береке әкелсін, жүректеріңізді қуанышқа, жылулыққа бөлесін.