Асхат Шахаров азаматтардың мәселелерін тыңдады

Асхат Шахаров азаматтардың мәселелерін тыңдады

 

Облыс әкімі Асхат Шахаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Бейнеконференц байланыс арқылы 7 адам өз мәселесін өңір басшысына жеткізді. Олардың қатарында Шалқар, Байғанин, Қарғалы аудандары мен Ақтөбе қаласының тұрғындары бар.

Қабылдауға жазылған азаматтар негізінен әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауылішілік жолдардың жай-күйі, баспанамен қамтамасыз ету, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, өндіріс ардагерлері атынан бірқатар ұсыныстар айтылып, медицина саласына жасанды интеллект енгізу жөнінде бастама көтерілді.

Өңір басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.