
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих факультетінде «Жастар және жалпыұлттық құндылықтар» тақырыбында TEDx форматында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға өңірдегі жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, түрлі салада жетістікке жеткен жас мамандардың тәжірибесімен танысты.
Кездесуде спикерлер қатарында құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру саласының мамандары, шығармашыл жастар мен кәсіпкерлер болды. Олар кәсіби жолдары, өмірлік ұстанымдары және қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ой бөлісті.
Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Мамандар заң талаптарын сақтау, интернеттегі қауіпсіздік, алаяқтықтан сақтану жолдары туралы нақты кеңестер берді. Сонымен қатар, қатысушыларға әлеуметтік желідегі ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау қажеттігі түсіндірілді.
Кездесуде білім мен үздіксіз даму тақырыбы да қозғалды.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, түрлі ойындар мен тренингтер ұйымдастырылды. Студенттер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.