Наурыз тойында облыс әкімі егіздердің «Тұсаукесер» рәсімінің куәсі болды

Наурыз тойында облыс әкімі егіздердің «Тұсаукесер» рәсімінің куәсі болды

 

Есет батыр тұрғын алабында Наурыз мейрамы ерекше жылы әрі қуанышты көңіл күйде өтті.

Облыс әкімі Асхат Шахаров тұрғындармен бірге халықтық серуенге қатысып, мерекені бірге тойлады.

Аймақ басшысы мерекелік алаңды аралап, ұлттық дәстүрлер, қолөнер бұйымдары мен дәм-тағамдар ұсынылған киіз үйлерге кіріп шықты. Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары құрған киіз үйде ол қала әкімі Азамат Бекетпен бірге «Тұсаукесер» рәсімінің куәсі болды. Айдын және Айқын есімді жақында ғана бір жасқа толған. Ақ жолмен жүріп өткен егіздерге қос басшы жарқын әрі бақытты өмір жолын тіледі.

Мерекеге ерекше жылулық сыйлаған сәттердің бірі – облыс әкімінің тұрғындармен еркін әңгімелесіп қана қоймай, олармен бірге халық әндерін орындауы болды. Бұл сәт жиналған жұрттың көңілін көтеріп, ыстық ықылас пен зор қошеметке бөленді.

Мереке әртүрлі буын өкілдерін біріктіріп, жүректерге жылу, дәстүрге деген мақтаныш және болашаққа деген сенім ұялатты.