
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңір тұрғындарына алдағы республикалық референдумға байланысты үндеу жасады.
Үндеу Facebook әлеуметтік желісіндегі аймақ басшысының парақшасында жарияланды.
Өңір басшысы Асхат Шахаров 15 наурыз күні еліміз үшін маңызды саяси оқиға – республикалық референдум өтетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл – әр азаматқа мемлекет болашағына тікелей ықпал етуге берілген маңызды мүмкіндік.
Әкім алдағы референдумда қазақстандықтар жаңа Ата заңға қатысты маңызды таңдау жасайтынын жеткізді. Конституция – елдің Негізгі заңы және ол мемлекет дамуының басты бағытын айқындайтынын атап өтті.
Сондай-ақ Асхат Шахаров тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге қатысуға шақырды.
«Еліміздің болашағы – өз қолымызда. Сіздің дауысыңыз маңызды. Баршаңызды 15 наурыз күні референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын», – деді облыс әкімі үндеуінде.