Хромтау ауданында жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Хромтау ауданында жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Хромтау ауданында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай әлеуметтік маңызы зор жоба жүзеге асты. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жалдамалы тұрғын үйлердің кілттері салтанатты түрде табысталды. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Атап айтқанда, Әйтеке би көшесі, 57-үй, А корпусы бойынша 13 пәтер және Ағайынды Жұбановтар көшесі, 3-үй, Б корпусы бойынша 2 пәтер табысталды. Осылайша, жалпы саны 15 жалдамалы тұрғын үй халық игілігіне берілді.

Жаңа қоныс иелеріне кілттерді Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов табыстады. Аудан әкімі Мемлекет басшысының тұрғындарды баспанамен қамту туралы тапсырмасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасатынын мәлімдеді.

Тұрғын үйлердің құрылысын «ЖарСтрой LTD» ЖШС жүргізді. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, үйлер инженерлік-коммуникациялық желілерге толық қосылды.