Мектеп оқушылары жұмысшы мамандықтары бойынша диплом алды

 Мектеп оқушылары жұмысшы мамандықтары бойынша диплом алды

 

10-11 класстың 52 оқушысы бір жарым жыл бойы мектептен де, колледжден де қалмай, бір мамандықты игеріп шықты. Ал 2025 жылы 25 оқушы жұмысшы мамандығын тәмамдады.

Автожол колледжінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына жұмысшы біліктілігі бойынша диплом табысталды. Олар «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша эксперименттік білім беру бағдарламасын аяқтаған.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес 2022 жылдан бері іске асырылып келеді. Жоба техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары базасында 10–11-сынып оқушыларын кәсіби даярлауға бағытталған.

Оқу барысында мектеп оқушылары алғашқы кәсіби дағдыларды меңгеріп, жұмысшы біліктілігін растайтын ресми диплом алды. Бұл құжат түлектерге болашақ мамандығын саналы таңдауға, оқуын жалғастыруға немесе еңбек жолын ерте бастауға мүмкіндік береді.

Салтанатты рәсімге облыстық білім басқармасының, ғылыми-тәжірибелік орталықтың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, №1 және №39 мектептердің педагогтері, ата-аналар мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Қонақтар жас түлектерді құттықтап, олардың еңбек нарығында сұранысқа ие маман болатынына сенім білдірді. Іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.