Аймақ басшысы тұрғындардың мәселелерін тыңдады

Аймақ басшысы тұрғындардың мәселелерін тыңдады

 

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров азаматтарды кезекті жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында өңір тұрғындарын алаңдатқан әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдық мәселелер қаралды.

Жеке қабылдауға Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының тұрғындары келіп, ем-дом мен оңалтуға қаржылай көмек көрсету, көпбалалы отбасыларды қолдау, тұрғын үй алу мәселесі, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беру жөнінде өтініштерін білдірді. Сонымен қатар, зейнеткерлер, жалғызбасты аналар және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар сияқты әлеуметтік осал топтардың баспана жағдайына қатысты бірқатар өтініш түсті.

🏗 Бұдан бөлек, қала инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселелеріне баса назар аударылды. Тұрғындар жолдардың жағдайы, қоғамдық көлік жұмысы, спорт алаңдары, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктер салу мәселелерін көтерді.

🤝 Сондай-ақ қабылдау барысында қоғамдық ұйымдардың бастамалары қаралып, оның ішінде жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерін қолдау, тұрғын үй және жер телімдерін беру мәселелері талқыланды.

📋 Қабылдау қорытындысы бойынша салалық басқармалар мен жауапты лауазымды тұлғаларға әрбір өтінішті жан-жақты зерделеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Өтініштердің орындалуы облыс әкімі тарапынан бақылауға алынды.

⚖ Барлық өтініш пен көтерілген мәселе заң талаптарына сәйкес қарастырылады.