Қытай компаниясы Ақтөбе облысында инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

Қытай компаниясы Ақтөбе облысында инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

 

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Beijing Jynai Yannfang Holding Group қытай компаниясының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын және өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Аймақ басшысы Қытай Халық Республикасынан келген меймандарды қарсы алып, Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына көрсеткен қызығушылығы үшін алғыс білдірді. Ол биылғы жылдың қаңтар айында Бейжің қаласында өңір делегациясының компания басшылығымен жұмыс кездесуі өткенін және сол жиында ықтимал әріптестік бағыттары қарастырылғанын атап өтті.

Асхат Шахаров Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын айтып, Beijing Jynai Yannfang Holding Group компаниясымен әріптестікті инвестиция тартудың перспективалы бағыты ретінде қарастыратынын жеткізді.

Оның айтуынша, өңірде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика және инфрақұрылым салаларында жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасалған, ал жергілікті билік шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Кездесу аясында облыстың инвестициялық әлеуеті таныстырылып, одан кейін компания директорлар кеңесінің төрағасы Жин Пэнг ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Тараптар қол жеткізілген уағдаластықтар ұзақмерзімді және өзара тиімді әріптестіктің негізіне айналатынына сенім білдірді.