
Музыкалық қойылымды облыс әкімі Асхат Шахаров тамашалап, ерекше балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту мен инклюзивті мәдени жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті.
«Бұл ертегіні әрқайсысымыз білеміз. Бүгін біз қайтадан балалық шақ әлеміне бойлап, осы ғажайып әсерлерді жас әртістермен бірге сезіндік. Сахнада педагогтер, тәлімгерлер мен балалардың өздерінің үлкен әрі тынымсыз еңбегі айқын көрінеді. Мұндай жобалар балалардың шығармашылық әлеуетін ашып, олардың дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – әр баланың бойындағы өнерін қолдап, қабілеттерін сенімді жүзеге асыруына көмектесу. Алдағы уақытта дарынды балаларға арналған жеке инклюзивті орталық құру жоспарланып отыр, онда олар өз дағдылары мен таланттарын жетілдіре алады», – деп атап өтті Асхат Шахаров.
Аймақ басшысы ұжымға және жас әртістерге алдағы шығармашылық табыс тіледі.
«Қасқыр мен жеті лақ» қойылымына аутизм, Даун синдромы, психикалық дамудың тежелуі, сөйлеу бұзылыстары, интеллектуалдық ерекшеліктері және басқа да диагноздары бар 32 бала қатысты.
Премьера барысында жас әртістер ән айтып қана қоймай, музыкалық аспаптарда ойнап, сахнада түрлі рөлдерді сомдайды. Музыкалық нөмірлер, би көріністері және шағын театрлық сахналар қойылымды әсерлі, жарқын әрі қызықты етеді.
Барлық бала «ANASTACIA» инклюзивті музыкалық студиясында тұрақты түрде білім алады, онда педагогтар оларға вокалды, музыкалық аспаптарда ойнауды және сахналық шеберлікті дамытуға көмектеседі. Премьера педагогтер, ата-аналар және балалардың ұзақ әрі бірлескен еңбегінің нәтижесі болды, олар қойылымға үлкен ынтамен дайындалған.
Бұл жоба - балалардың талантын ашуға, командада жұмыс істеуге үйретеді және әр баланың шығармашылықпен айналысып, көрерменді қуантатының, ал қоғам олардың қабілетін бағалап, қолдайтынының дәлелі.