Облыс әкімі Асхат Шахаров «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының аумағын дамыту мәселесін қарады

Облыс әкімі Асхат Шахаров «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының аумағын дамыту мәселесін қарады

 

 Жиын барысында өңір басшысы Асхат Шахаров «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы аумағында инвестициялық жобаларды іске асырудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

 Ол АЭА инвестиция тарту, жаңа өндірістерді орналастыру, жұмыс орындарын құрудың және өңір экономикасын әртараптандырудың маңызды құралы екенін атап өтті. Жобаны жүйелі іске асыру мақсатында орындау мерзімдері мен жауапты мемлекеттік органдары нақты белгіленген 33 тармақтан тұратын Жол картасы бекітілген.

 «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мақсат Айтымбетовтің мәліметінше, қазіргі таңда жалпы инвестиция көлемі 243,1 млрд теңгені құрайтын 40 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылған. Бұл жобалар құрылыс материалдарын өндіру, химия өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, логистика, тамақ өнеркәсібі және басқа да өндірістік бағыттарды қамтиды.

 Асхат Шахаров шетелдік инвесторларды тарту басым міндет екенін алға тартты, өйткені олар жаңа технологиялардың келуін, экспортты дамытуды және жоғары қосылған құны бар өнім шығаруды қамтамасыз етеді.

 Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі бірқатар нақты тапсырма берді.

 «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағын дамыту – өңір үшін негізгі басымдықтардың бірі. Жоба Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен жүзеге асырылуда және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие. АЭА инвестиция тарту, жаңа өндірістерді іске қосу, жұмыс орындарын құру және экономиканы әртараптандырудың нақты құралына айналуы тиіс. Осы мақсатта Жол картасы бекітілді, енді барлық жауапты тұлға алдында оның тармақтарын формалды түрде емес, нақты нәтижелерге қол жеткізе отырып іс жүзінде орындау міндеті тұр.

 Инфрақұрылымды дайындау және дамыту мәселелеріне ерекше назар аудару қажет: жер учаскелері, уақытша және тұрақты электр желілері, көлік және логистикалық қолжетімділік. Барлық қызметтің үйлесімді жұмысы және осы мәселелердің уақытылы шешілуі жағдайында ғана аймақ толыққанды жұмыс істеп, резиденттерді тарта алады.

 «Сонымен қатар, инвесторлармен жұмысты күшейтіп, ірі жобаларды іске асыру тәжірибесі бар кәсіби командалар мен мамандарды тарта отырып, әрбір жаңа өндірісті жедел сүйемелдеу және өңірде қосымша жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету қажет», – деп атап өтті Асхат Шахаров.

 Барлық тапсырма облыс әкімінің жеке бақылауына алынды, олардың орындалуы белгіленген мерзімдерге қатаң сәйкес жүзеге асырылатын болады.