
Іс-шараның негізгі бағыты өңірде өнеркәсіптік, өндірістік және логистикалық жобаларды орналастыруға арналған негізгі алаң ретінде АЭА әлеуетін таныстыруға арналды.
«Ақтөбе» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Мақсат Айтымбетов АЭА аумағында жұмыс істеу шарттарын, соның ішінде салықтық және кедендік преференцияларды, жер учаскелерінің және инженерлік инфрақұрылымның қолжетімділігін, сондай-ақ инвесторларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу тетіктерін жан-жақты таныстырды.
Талқылауға сондай-ақ Ақтөбе облысы прокурорының инвестициялық жобалар жөніндегі аға көмекшісі Жұмағали Рысалдинов, Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мұстапа Қасымхан, Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Асхат Айтжанов, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры филиалы директорының орынбасары Аягүл Рамазанова қатысты.
Қатысушыларға «Ақтөбе» АЭА-ның негізгі артықшылықтары, басым қызмет бағыттары, инженерлік желілерге қосылу шарттары, сондай-ақ жеңілдетілген несиелендіру,субсидиялау және қарыздарға кепілдік беру сияқты мемлекеттік қаржылық қолдау шаралары түсіндірілді.
Ақтөбе облысы прокурорының инвестициялық жобалар жөніндегі аға көмекшісі Жұмағали Рысалдинов бизнеске инвесторларды қорғау құралдары мен мемлекеттік органдармен цифрлық өзара іс-қимыл механизмдерін таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлер «Ақтөбе» АЭА аумағында жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жеке консультациялар алды. Іс-шара арнайы экономикалық аймақтың өңірдегі өнеркәсіптік өсудің негізгі нүктелерінің бірі және тартымды инвестициялық платформа ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте растады.
«АЭА «Ақтөбе»— инвесторлар үшін кешенді экожүйе. Біз бизнестің инфрақұрылымдық және әкімшілік кедергілерге алаңдамай, өндірісті іске қосуға толықтай шоғырлануына мүмкіндік беретін жағдай жасаймыз. Біздің мақсатымыз — жаңа өндірістерді қалыптастыру және өңір экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету», — деп атап өтті Мақсат Айтымбетов.